7-бап. Қор кепілдіктері
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиясынан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап Қор:
1) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеу;
2) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру төлемінен (толық немесе ішінара) құқыққа сыйымсыз бас тартқан не оны толық көлемде жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін берген (қабылдаған) күнге дейін басталған сақтандыру жағдайлары бойынша кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру жөнінде өзіне міндеттемелер қабылдайды.
2. 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1-тармақ жаңа редакцияда
2-1. Осы Заңда Қорға міндетті қатысу көзделген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлеріне (сыныптарына) мыналар жатады:
1) міндетті сақтандыру туралы талап, сақтандырудың түрлері мен ең төмен шарттары (оның ішінде сақтандыру объектісі, сақтандыру тəуекелдері жəне сақтандыру сомаларының ең төмен мөлшерлері) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін, ал сақтандырудың өзге де шарттары мен тəртібі тараптардың келісімінде айқындалатын сақтандыру (жүктелген сақтандыру) түрлерін қоспағанда, міндетті сақтандырудың барлық түрі;
2) «өмірді сақтандыру» саласындағы жинақтаушы сақтандырудың барлық түрі.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 2-2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2. Қор аннуитеттік сақтандыруға кепілдік беру шеңберінде:
уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдау негізі бойынша ол уақытша әкімшілікті тағайындаған күннен бастап «өмірді сақтандыру» саласы бойынша лицензиясы бар басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына сақтандыру портфелін берген кезге дейін таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жасаған қолданыстағы аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың үздіксіздігі мен уақтылылығын;
заңды тұлғаның (жұмыс берушінің) қызметі тоқтатылған (таратылған) кезде жұмыскердің кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеуге не ұзартуға (қайта куәландыруға) байланысты жасалған аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеуді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Қордың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік төлемдерді және өзге де төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Қор осы Заңның 8-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі міндеттемелерді өз мойнына алады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қор:
1) Қордың осы Заңда көзделген функцияларды іске асыруы;
2) кредиторлардың сақтандыру шарттарына қатысты оларға Қор кепілдіктерінің қолданысын тексеру мүмкіндігін беру мақсатында Қор кепілдіктерінің қолданылу аясына жататын сақтандыру шарттарын есепке алуды жүргізеді.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-бап. Қордың негізгі міндеттері және функциялары
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қордың негізгі міндеттері:
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) осы Заңда көзделген жағдайларда көлік оқиғасы нәтижесінде өзге тұлға өміріне, денсаулығына зиян келтірген тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды
3) осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Қор негізгі міндеттерді орындау үшін мынадай функцияларды:
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы Заңға сәйкес кепілдік төлемдерін жүзеге асыруды;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысушы-сақтандыру ұйымына берілетін, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфелін төлеуді;
2) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының міндетті және төтенше жарналарын тартуды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының бастапқы бір реттік, қосымша жарналарын тартуды;
4) осы Заңға сәйкес жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыруды;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен инвестициялық қызметті;
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
6) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы таратылған жағдайда уақытша әкімшіліктің құрамына қатысуды жүзеге асырады.
2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген функциялардан бөлек, Қор сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін автоматтандыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) саласындағы мамандарды оқытуды жүргізу мен олардың біліктілігін арттыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтылымды əзірлеуді жəне беруді жүзеге асырады.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3 тармақпен толықтырылды
3. Өз функцияларының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардан, сондай-ақ мемлекеттік органдардан ақпарат, оның ішінде сақтандыру құпиясын құрайтын ақпарат алуға құқылы.
Алынған мәліметтер одан әрі жариялауға жатпайды.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақпен толықтырылды
4. Қор қызметкерлері өз функцияларын жүзеге асыру барысында алынған қызметтік, коммерциялық құпияны, сақтандыру құпиясын немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жариялағаны үшін жауапты болады.
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8-1-бап. Қордың комиссиялық сыйақысы
1. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатына қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алады.
2. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі:
1) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялаудан қаржы жылы үшін алынған жиынтық инвестициялық кірістің 7,5 пайызынан;
2) «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтеріне және зиянды өтеу резервіне қаржы жылы үшін енгізілген жиынтық жарналардың 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленеді.
3. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесін жыл сайын Қордың директорлар кеңесі айқындайды.
4. Қордың комиссиялық сыйақысының мөлшерлемесі жылына бір реттен жиі өзгертілмеуі мүмкін.
5. Қордың комиссиялық сыйақысын алу қағидалары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітіледі.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9-бап. Сақтандыру ұйымдарының Қорға қатысу тәртібі және Қор акцияларын сатып алу шарттары
1. Өтініш берушi кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн осы Заңда көзделген тәртiппен қатысу шартын жасасуға мiндеттi.
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Өтiнiш берушi қатысу шартын жасасу, Қордың акцияларын сатып алу үшiн Қорға мынадай құжаттардың:
1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін;
2) есептік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы үшін);
3) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде жарғының көшірмесін не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің көшірмесін не Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.
3. Қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметiн тоқтатқан және сақтандыру шарттарының қолданылуы тоқтатылған жағдайда, қатысушы-сақтандыру ұйымы өзіне тиесілі акцияларды Қордың акционерлеріне сату арқылы оларды иеліктен шығаруды жүзеге асыруға міндетті. Акционерлер Қордың акцияларын сатып алудан бас тартқан жағдайда, Қор акциялардың құнын айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалатын бағамен акцияларды сатып алуға міндетті.
4. Қатысу шартының нысаны, мазмұны және шарттары Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің және осы Заңның талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
10-бап. Қатысу шартының міндетті талаптары
Қатысу шартында:
1) тараптардың толық атауы, олардың орналасқан жері және банктік деректемелері туралы мәліметтер;
2) шарттың осы Заңға сәйкес келетін нысанасы туралы нұсқама;
3) тараптардың осы Заңға сәйкес келетін құқықтары мен міндеттері;
4) міндетті және төтенше жарналарды төлеу, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыру тәртібі;
5) кредиторға кепілдік төлемінің мөлшерін айқындау және жүзеге асыру талаптары мен тәртібі;
6) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) 2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред . қара)
8) 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) қатысу шартын тоқтату талаптары;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
10) тараптардың қатысу шартын бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы талаптар болуға тиіс.
11) 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қатысушы-сақтандыру ұйымында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензия болғанда, қатысу шартына мынадай талаптар:
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бастапқы бір реттік, қосымша жарналарды төлеу тәртібі;
2) тараптардың жауапкершілігі міндетті түрде енгізілуге тиіс.
11-бап. Қатысу шартын тоқтату
Қатысу шарты:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген жалпы негіздерде;
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) Қордың қатысушы-сақтандыру ұйымы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін тоқтатқан және осы сақтандыру түрлері бойынша жасалған сақтандыру шарттарының қолданылуын тоқтатқан жағдайда тоқтатылады.
12-бап. Міндетті және төтенше жарналар, оларды төлеу тәртібі.
Қордың қарыз алуы
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы қатысу шартына сәйкес міндетті және төтенше жарналарды төлеуге міндетті.
Мiндеттi жарналардың ставкасын Қор жыл сайын айқындайды.
Міндетті жарналар ставкасын есептеу әдістемесі, оларды төлеу тәртібі мен мерзімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Аннуитеттік сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемі негізге алына отырып есептеледі.
Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру ұйымы есепке жазған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі негізге алына отырып есептеледі.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен өзге де сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді қатысушы-сақтандыру ұйымы бұзған жағдайда, мұндай сақтандыру ұйымы үшін міндетті жарна ставкасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен ұлғайтылуға тиіс.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды
2. Осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтау сақтандыру шарттары бойынша міндетті жарналардың мөлшері қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемі және міндетті жарналардың мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.
Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша міндетті жарналардың мөлшері сақтандыру ұйымы есепке жазған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі және міндетті жарналардың мөлшерлемесі негізге алына отырып есептеледі.
2007.07.05. № 244-III Заңымен (2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді; 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарын олардың шартты міндеттемелерінің шегінде тартады.
Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары жеткіліксіз болған жағдайда, уәкілетті органмен келісу бойынша Қордың директорлар кеңесі айқындаған тәртіппен Қордың меншікті капиталы пайдаланылады.
Осы Заңда көзделген, жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды және (немесе) жерлеуге жұмсалған шығыстарды өтеу бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін зиянды өтеу резерві жеткіліксіз болған жағдайда, Қор ағымдағы тоқсанның соңына дейін Қордың директорлар кеңесі белгілеген мөлшерде сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын пайдалануға құқылы. Қор сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервін қалпына келтіру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің пайдаланылған сомасы мөлшерінде қатысушы-сақтандыру ұйымдарынан түсетін төтенше жарналарды тартады.
Қордың директорлар кеңесі айқындаған тәртіппен, пайдаланылған соманың орнын толтыруды, оның ішінде сақтандырудың қай саласы бойынша кепілдік берілетініне қарай, «жалпы сақтандыру» саласы не «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналарын тарту есебінен толтыруды ескере отырып, «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын «өмірді сақтандыру» саласы бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында пайдалануға және керісінше, «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын «жалпы сақтандыру» саласы бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында пайдалануға жол беріледі.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда
4. Осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері соңғы есепті күнге сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің жалпы көлеміндегі қатысушы-сақтандыру ұйымы қалыптастырған сақтандыру резервтерінің үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.
Сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша қатысушы-сақтандыру ұйымының төтенше жарналарының мөлшері ағымдағы есепті кезеңде сақтандырудың осы түрлері бойынша Қорға барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлеміндегі өзі жасасқан сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының үлесіне пропорционалды түрде айқындалады.
2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві, төтенше жарналар және Қордың меншікті капиталы жеткіліксіз болған кезде Қорға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де ұйымдар қатысушы-сақтандыру ұйымдарының төтенше жарналары есебінен өтелуге жататын қарыз беруге құқылы.
6. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру қатысушы-сақтандыру ұйымын міндетті және төтенше жарналар төлеуден босатпайды.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айрылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері соттың қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.
Қатысушы-сақтандыру ұйымының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда) міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері соттың оны мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының міндетті және төтенше жарналарды төлеу міндеттемелері уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.
Осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдары төлеген міндетті және төтенше жарналар қайтарылуға жатпайды.
2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-бап. Шартты міндеттемелерді қалыптастыру
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қатысушы-сақтандыру ұйымы шартты міндеттемелерді қалыптастыруға және есепке алуға міндетті.
Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымы осы Заңның 7-бабының 2-1-тармағында көрсетілген сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) шеңберінде жинақтау сақтандыру шарттары бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін қалыптастырылған сақтандыру резервтерінің көлемін және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.
Қорға қатысушы-сақтандыру ұйымы сақтандырудың басқа кепілдік берілетін түрлері бойынша шартты міндеттемелердің мөлшерін сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша оның сақтандыру сыйлықақыларының көлемін және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін негізге ала отырып есептейді.
2. Шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және есепке алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
14-бап. Міндетті және төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді тиісінше орындамау
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қор төленген міндетті және (немесе) төтенше жарналардың мөлшері бойынша Қордың ішкі құжаттарына сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымымен салыстырып-тексеруді жүзеге асырады.
Міндетті және (немесе) төтенше жарналар толық көлемде төленбеген жағдайда, Қор төлеу мерзімі басталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде қатысушы-сақтандыру ұйымының осы Заң бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамағаны туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 205-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Уәкiлеттi орган Қордан қатысушы-сақтандыру ұйымының мiндеттi және төтенше жарналарды төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн тиiсiнше орындамағаны туралы хабарлама алған кезде мұндай сақтандыру ұйымына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген қадағалап ден қою шараларын қолданады.
5-тарау. Кепілдік төлемдері және өзге де қорғау шаралары
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред . қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-баптың тақырыбы жаңа редакцияда
15-бап. Сақтандырудың міндетті түрлері және мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жасалған өмірді сақтандыру шарттары бойынша кепілдік төлемді жүзеге асыру негіздері мен тәртібі
2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Кепілдік төлемді жүзеге асыру бойынша Қорға талап ету құқығы кредиторда уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдаған күннен бастап туындайды.
Кредиторлардың:
1) таратылатын сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемінен құқыққа сыйымсыз бас тартқан (толық немесе ішінара) не оны толық көлемде жүзеге асырмаған сақтандыру шарттары бойынша уәкілетті орган қатысушы-сақтандыру ұйымын лицензиядан айыру және уақытша әкімшілік тағайындау туралы шешім қабылдағанға дейінгі кезеңде барлық басталған сақтандыру жағдайлары бойынша;